Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз қарсаңында Астанада сөз сөйлеп, қазақстандық әйелдерді құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сөз барысында Президент Қазақстан шын мәнінде көмекке мұқтаж азаматтарға атаулы қолдау көрсету қағидатына негізделген жауапты әлеуметтік саясатты жүргізіп келгенін және жүргізе беретінін атап өтті.
Отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл қоғамдық лауазымын енгізу адам құқықтарының қорғалуы мен отбасы институтын күшейтетініне сенімдімін. Отбасы омбудсмені Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының бірінші орынбасары ретінде қызмет етіп, атқарылған істер туралы Мемлекет басшысына есеп беріп отырады. Мұндай жүйе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын кешенді түрде жолға қоюмен қатар, отбасы саясатындағы басқа маңызды түйткілдерді шешуге мүмкіндік береді, - деді ол.