freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда үй жануарларын ұстау ережелері өзгерді

Қоғам
Қазақстанда үй жануарларын ұстау ережелері өзгерді
Фото: ашық дереккөз

Экология және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушының 2026 жылғы 6 тамыздағы бұйрығы бойынша, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары өзгерді, деп хабарлайды Malim.kz.

— Үй жануарын одан әрі ұстау мүмкін болмаған жағдайда, үй жануарының иесі немесе жауапты тұлға оны әрі қарай орналастыру шараларын қабылдайды. Оның ішінде жануарды жануарларға арналған панажайға, жануарларды уақытша ұстау пунктіне немесе оны ұстауға қажетті жағдай жасай алатын жеке немесе заңды тұлғаларға беруі мүмкін, — делінген құжатта.

Ескеретін маңызды жайт — үй жануарынан бас тартса да, иесі немесе жауапты тұлға оған қатысты міндеттерінен босатылмайды. Басқа адам асырап алса, немесе жануарларға арналған панажайға жіберілсе ғана иесінен аталған жауапкершілік алынады.

Сонымен қатар, үй жануары уақытша ұстау пунктіне берілсе, иесі немесе жауапты тұлға оның ары қарай қайда жіберілетіні анықталғанға дейін күтіп-бағуға міндетті.

Бұйрық 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу