Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда жыл сайын 45-50 мың тонна балық ауланады

Экономика
Қазақстанда жыл сайын 45-50 мың тонна балық ауланады

Елімізде 2021 жылмен салыстырғанда балық өсіру шаруашылықтарының саны 2023 жылы 2,5 еседен артып, 502-ге жеткен. Ал балық өсіру көлемі 7-ден 17 мың тоннаға дейін ұлғайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, елдің табиғи су айдындарында жыл сайын шамамен 45-50 мың тонна балық ауланады және бұл көрсеткіш тұрақты деңгейде.

2023 жылы мемлекеттік балық өсіру кәсіпорындары мен жеке балық өсіру шаруашылықтары мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бағалы балық түрлерінің 100 млн. дана шабағын өсірген, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 25% артық.

Ал балық шаруашылығы субъектілері 2023 жылы бекітілген су қоймаларына бағалы балық түрлері шабақтарының 162,3 млн. данасын шығарған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 29% артық.

Сонымен қатар, 2023 жылы әлемнің 21 еліне 25 мың тоннаға жуық балық өнімінің 50-ден астам түрі экспортталған. Ең ірі тұтынушылар – Ресей, Германия, Нидерланды, Литва және Қытай.

Айта кетейік, Қазақстанда балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні ресми түрде 2017 жылдан бері шілденің екінші жексенбісінде аталып өтеді.

Фото: agrosektor.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу