Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық оқушылар робототехникадан төртінші рет әлем чемпионы атанды

Қоғам
Қазақстандық оқушылар робототехникадан төртінші рет әлем чемпионы атанды
Фото: https://t.me/oqu_agartu

Қазақстанның робототехникадан Ұлттық құрамасы Панама-Ситиде өткен FIRST Global Challenge 2025 халықаралық олимпиадасында қатарынан төртінші рет жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

190 елден келген қатысушылар арасынан қазақстандық команда екі алтын жүлдені иеленді: GRAND CHALLENGE AWARD – турнирдің бас жүлдесі және ALBERT EINSTEIN AWARD – үздік инженерлік шешім мен командалық жұмыс үшін берілетін марапат.

Ел намысын NIS Алматы-Медеу мектебінің оқушылары қорғады. Команданы Нұрдәулет Досмағамбет, Асылбек Мұрзахметов және Дулат Байтуленов жаттықтырды.

Қазақстанның Женева (2022), Сингапур (2023), Грекия (2024) және Панама (2025) біріншіліктеріндегі төрт мәрте жеңісі елдің STEM-білім беру саласындағы әлемдік көшбасшылығын нығайтты.

Биылғы жарыс «Eco-Equilibrium» тақырыбында өтті. Қазақстандықтар экожүйелерді қалпына келтіруге арналған робот жасап, финалдық кезеңдегі күрделі тапсырманы сәтті орындады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу