freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық шенеуніктердің элиталық пәтерлері Америкада салыққа ілінуі ықтимал

Құқық
Қазақстандық шенеуніктердің элиталық пәтерлері Америкада салыққа ілінуі ықтимал
mamaamerica.ru

Нью-Йоркте қымбат жылжымайтын мүлік иелеріне жаңа салық енгізу жоспарланып отыр. Бұл талап 5 миллион доллардан қымбат баспана сатып алып, бірақ онда тұрмайтындарға қатысты болады. Мұндай меншік иелерінің қатарында қазақстандықтар да болуы мүмкін. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды

Бастаманы қала мэрі Зохран Мамдани мен штат губернаторы Кэти Хокул талқылап жатыр. Заңға сәйкес, егер пәтер инвестиция ретінде сатып алынып, бос тұрса, оған қосымша салық төлеуге тура келеді.

"Выход к морю" Telegram арнасының мәліметінше, жаңа талапқа Қазақстаннан қымбат мүлік иелері де ілінуі ықтимал. 

Тізімде Жоғарғы соттың бұрынғы судьясы Сайлаубек Жәкішевтің отбасы бар. Назарбаев кезеңінде пара алғаны үшін 12 жылға сотталып, кейін айыппұл төлеп, төрт жыл ғана отырғаны белгілі. Оның ұлы Әділжанның Нью-Йоркте екі нысаны бар – Жоғарғы Вест-Сайдтағы үш бөлмелі пәтер және Төменгі Манхэттендегі ғимарат. Бұл жылжымайтын мүлікке ол 5 миллион доллардан сәл артық қаржы жұмсаған, бұл жаңа салыққа ілігуге жеткілікті.

Сондай-ақ ықтимал салық төлеушілер қатарында кәсіпкер Сержан Жұмашов та аталады. Оның Манхэттендегі пәтері уақыт өте қымбаттап, қазір белгіленген шектен асып кеткен. Бес бөлмелі пәтер бизнесменге 2010 жылдан бері тиесілі. Бұған дейін ол нысан кәсіпкер Бурак Ойменге тиесілі болып, 3 миллион долларға сатылған. Қазір оның құны кемінде екі есе артқаны айтылған.

Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұрынғы басшы орынбасары Нұрлан Шабдардың жұбайы мен қызына тиесілі екі пәтер де 5 миллион долларлық шектен жоғары бағаланады.

Салық төлеушілер қатарында “Олимп” букмекерлік кеңсесінің бұрынғы иесі Анарбек Жәуіров та болуы ықтимал. Оның Манхэттендегі пәтерінің құны шамамен 6,5 миллион долларға жетеді және жалға берілетіні айтылады.

Ал кейбір қазақстандықтар бұл талапқа ілікпейді. Мысалы, экс-Елбасы ағасының мұрагерлеріне тиесілі пәтердің құны белгіленген межеден төмен. Сол сияқты бұрынғы Алматы әкімі Виктор Храпунов пен Даурен Жақсыбековтің мүліктері де жаңа талаптарға сәйкес келмейді.

Жаңа салық шарасы қалада пайдаланылмай тұрған қымбат жылжымайтын мүлікті тиімді пайдалануға және бюджет кірісін арттыруға бағытталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу