freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қазақстандық спортшының ұпайын төмендеткен" отандық төрешіге қатысты түсініктеме берілді

Спорт
"Қазақстандық спортшының ұпайын төмендеткен" отандық төрешіге қатысты түсініктеме берілді
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстанның мәнерлеп сырғанау одағы отандық төрешіге қатысты айтылған сынға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұйымның мәліметінше, төрешілердің жұмысын бағалау және олардың қызметіне қатысты ресми пікір білдіру құқығы тек Халықаралық конькишілер одағына тиесілі.

Одақ өкілдері қолданыстағы ережелерге сәйкес судьялардың қызметіне баға беру және ресми түсініктеме жасау ISU құзырында екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан атынан қатысқан төреші барлық халықаралық талаптар мен критерийлерге сай келетіні хабарланды.

Қазақстанның мәнерлеп сырғанау одағы жанкүйерлерді жағымсыз пікірлер таратпауға және ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды.

Еске салайық, Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында тарихи алтын медаль жеңіп алған Михаил Шайдоров өзінің жалақысына қатысты ақпараттың жария болуына байланысты Туризм және спорт министрлігіне көңілі толмайтынын айтқан еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу