Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық суретші Лондондағы байқауда топ жарды

Мәдениет
Қазақстандық суретші Лондондағы байқауда топ жарды

Қазақстандық суретші Әсемгүл Сүлейменова халықаралық байқауда топ жарды. Жерлесіміз Лондонда өткен Golden Time Talent конкурсында  «Кескіндеме» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.    

«Кескіндеме» аталымы бойынша  30-дан астам елден 190 қылқалам шебері  қатысты. Байқауда Сүлейменованың «Ана мен бала» туындысы үздік деп танылды. Әсемгүл Сүлейменова  балалар көркемсурет мектебін және «Шабыт» өнер университетін бітірген.  Ол бала кезінен сурет салатынын айтады.    

Суретші коммерциялық жобалар үшін әртүрлі техника мен стильде жұмыс істейді. Дегенмен жеңімпаздың жұмысынан ұлттық ерекшелік элементтерін байқауға  болады. Бұған дейін «Ана мен бала» картинасы Әсемгүл көрмесінің негізгі бөлігі ретінде жақсы пікірге ие болған.

«Кейінгі кезде байқауларға қатыса бермеймін. Бұл байқауға қатысу туралы шешім кенеттен қабылданды. Жазда көрмем өткенде, авторлық картиналар сериясын салдым. Орталық экспонат «Ана мен бала» картинасы болды. Мен оның адамдарға қатты ұнағанын, жұрт одан көз алмағанын байқадым. Мұндай байқаудың өтіп жатқанын көріп, бірден қатысуға өтінім беруді шештім», - дейді жеңімпаз. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу