Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық туристер Грекиядағы туристік аралды өртеп жіберді

Әлем
Қазақстандық туристер Грекиядағы туристік аралды өртеп жіберді

Грекияда Гуидри аралында отшашу атқан 13 турист қамауға алынды. Бәрі де Қазақстаннан келген, деп хабарлайды Malim.kz.

Vijesti.me сайтының жазуынша, отшашу атылған жалға алынған яхта да тәркіленген.

Ал оқиға жұма күні кешке болған.

Отшашудың ақыры Гидрадағы қарағайлы орманда өрт шыққан. Куәгерлердің хабарламалары мен навигациялық бақылау арқылы көп ұзамай бәрі қамауға алынған. Ал өрт сөндірушілер өртті сол күні кешке сөндірген.

Ұсталған қазақстандықтар бүгін таңертең шұғыл міндетті процедураға сәйкес Пирейдегі қылмыстық прокурорға жеткізілген.

Айта кетейік, аралдың өзі Афины мен Пелопоннес арасындағы Эгей теңізінің Аргосарон шығанағында орналасқан. Гидра шетелдік қонақтар мен яхталарда саяхаттаушылар арасында танымал.

Фото: Vijesti.me

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу