2026 жылғы 3 сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарға паспорт, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және электрондық цифрлық қолтаңбаға (ЭЦҚ) қатысты пайдалы ақпарат таратты, деп хабарлайды Malim.kz.
Мекеме өкілдерінің айтуынша, әр адам кем дегенде бір рет құжатты шұғыл жаңарту қажет болған жағдайға тап болады. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін азаматтарға мерзімді түрде ауыстырылатын негізгі құжаттар еске салынды:
Жеке куәлік
Қолданылу мерзімі – 10 жыл.
Мерзімі аяқталғанда, аты-жөні немесе азаматтығы өзгергенде, жоғалғанда, бүлінгенде немесе жеке өтініш бойынша ауыстырылады.
Паспорт
Қолданылу мерзімі – 10 жыл (ересектер үшін), балаларға – 5 жыл.
Мерзімі аяқталғанда, деректері өзгергенде, бүлінгенде, жоғалғанда немесе жеке өтініш бойынша ауыстырылады.
Жүргізуші куәлігі
Қолданылу мерзімі – 10 жыл.
Мерзімі аяқталғанда, жеке деректер өзгергенде, бүлінгенде, жоғалғанда немесе жеке өтініш бойынша ауыстырылады.
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)
Қолданылу мерзімі – 1 жыл.
Жыл сайын ұзартуды талап етеді.