Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды

Экономика
Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды
Фото: freepik.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өндірушілерді қолдау үшін ЕАЭО және үшінші елдерден тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрліктің бұйрығы кеше, 11 желтоқсанда күшіне енді.

«Қазақстан аумағына аумағына барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын (СЭҚ ТН: 040721) әкелуге 1 ай мерзімге уақытша тыйым салынды», - делінген АШМ хабарламасында.

Бірақ бұл тыйым Қазақстан арқылы транзитке, сондай-ақ тауар ЕАЭО-ның бір елінен екінші еліне өтіп жатса қолданылмайды.

АШМ тағамға қолданылатын жұмыртқа импортына уақытша тыйым отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізіліп жатқанын атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу