freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанға жымқырылған 40 млрд теңгенің активтері қайтарылды

Экономика
Қазақстанға жымқырылған 40 млрд теңгенің активтері қайтарылды
Коллаж: egemen.kz

Биыл Қазақстанға 40 миллиард теңгенің жылыстатылған активтері қайтарылды. Бұл туралы ведомствоның бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша өткен алқаның кеңейтілген отырысында Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Биыл Қазақстанға 40 миллиард теңгенің жылыстатылған активтері қайтарылды. Бұл туралы ведомствоның бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша өткен алқаның кеңейтілген отырысында Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Б. Асылов активтерді қайтару және оларды заңды экономикалық айналымға қосу жұмыстарына жеке тоқталды.

"Биыл 40 миллиард теңгенің жылыстатылған активтері қайтарылды: оның 37,7 миллиарды – ақшалай, 2,3 миллиарды – мүлік түрінде", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Арнайы мемлекеттік қор есебінен 39 әлеуметтік нысан ашылды: Ақтаудағы жедел медициналық көмек станциясы, Шымкенттегі оқушылар жатақханасы, Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы футбол стадионы, Балқаш әуежайын реконструкциялау және басқа да жобалар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу