Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қазақтың қыздарын қызғанамын»: Тоқтар Серіков қытайлықтарға тұрмысқа шығатын қыздарға шүйлікті

Қоғам
«Қазақтың қыздарын қызғанамын»: Тоқтар Серіков қытайлықтарға тұрмысқа шығатын қыздарға шүйлікті

Белгілі әнші Тоқтар Серіков өзге ұлттың өкілімен отбасын құратын қазақ қыздары туралы сөз қозғады. Әнші «Уақыт көрсетеді» подкастына берген сұхбатында шетелдіктермен кетіп жатқан қазақстандықтардың көбейгенін атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің айтуынша, қазақ ұлтының саны көбеймей жатқанына бұл жағдайдың тікелей қатысы бар.

Маған көп адам шүйлікті. Бұл менің азаматтық көзқарасым. Өз қара көз қарындастарымды өзге ұлттың құшағында жүрсе қызғанамын. Өте қатты қызғанамын. Менің қара көз қарындастарым тек қазаққа тию керек. Тек қазақтың жігіттеріне тиесілі. Менің қазағымның көбеймей жатқаны да осыдан болуы мүмкін. Сондықтан менің шырылдағаным рас. Әлі де шырылдаймын, - дейді әнші.

Өнер иесі қазақтың қыздары қытайлықтарға тұрмысқа шыққанда жүрегі ауыратынын жасырмады.

Өзге ұлтқа, әсіресе қытайға тұрмысқа шығуына қарсымын. Оның қасында орыс айналайын болып қалды маған. Қазақтың қызы осы Қытай деген халыққа барса қатты қарсымын. Жүрегім ауырады, - деді әнші.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу