Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қос алтын: Қазақстан жасөспірімдері Азияда үш медаль алды

Спорт
Қос алтын: Қазақстан жасөспірімдері Азияда үш медаль алды

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының соңғы күнінде қазақстандық жас спортшылар сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Финалдық сындар барысында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үш жүлдеге қол жеткізді. Қос қазақстандық спортшы ат снарядындағы жаттығуда өнер көрсетті. Роман Хегай төрешілердің шешімімен 13.800 ұпай жинаса, Нұртан Ыдырысов 12.866 ұпайға ие болды. Үздік үштікті жапониялық Харутоши Очаи 12.666 ұпаймен түйіндеді.

Нұртан Ыдырысов қоссырықтағы жаттығуларда да жоғары нәтиже көрсетіп, 13.933 ұпаймен чемпион атанды.

Сонымен қатар, Қазақстан командасы командалық көпсайыста үшінші орынды иеленді.

Фото: olympic.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу