112 қызметіне Қосшы қаласындағы Жангелдин көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйден түтін шыққаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға орнына жеткен ТЖД қызметкерлері бес қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерде электр қалқанында қысқа тұйықталу болғанын анықтады.
Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар баспалдақ арқылы 40 адамды эвакуациялады.
Зардап шеккендер жоқ.