freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанай облысында екі адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға бас

Қоғам
Қостанай облысында екі адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға бас
Фото: pixabay

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жол қозғалысы ережесін бұзып, екі адамның өліміне себеп болған азамат Т.-ға қатысты істі қарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың 30 тамызында Қостанай – Әулиекөл – Сұрған бағытындағы KAZ23 республикалық тасжолының 74-шақырымында, Әулиекөл ауданына қарасты Новонежин ауылының маңында болған.

Тергеу мәліметінше, «Toyota Camry» көлігін басқарған Т. қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Әулиекөл бағытына қарай келе жатқан Г. тізгіндеген «Opel Vectra» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан «Opel Vectra» көлігіндегі екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал «Toyota Camry» көлігінің жолаушысы түрлі дене жарақатымен Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілді.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған. Жәбірленуші тарап жаза тағайындауды соттың қарауына қалдырды.

Сот Т.-ның шын өкінгенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріп, ауырлататын жағдайлар анықталмағанын атап өтті.

Нәтижесінде сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеуді белгіледі. Сондай-ақ 5 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырды.

Бұдан бөлек, жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары ішінара қанағаттандырылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу