freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанай облысында мектеп өртенді

Оқиға
Қостанай облысында мектеп өртенді
ТЖМ

Арқалық қаласындағы №5 орта мектептің төрт қабатты ғимаратынан өрт шықты. Білім ошағының шатыры ашық жалынмен өртенген, деп хабарлайды Malim.kz. 

Azattyq Rýhy-ның жазуынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде жалын шарпыған аумақтың көлемі шамамен 1100 шаршы метрді құраған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖМ өрт сөндіру бөлімі мен жедел-құтқару жасағының күштері жедел жұмылдырылды.

«Өртті сөндіру барысында судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін нысаннан 300 метр қашықтықта орналасқан екі өрт гидранты пайдаланылды», — деп хабарлады мекеме өкілдері.

Оқиға орнында ТЖМ мамандарымен бірге полиция қызметкерлері және жедел медициналық көмек бригадасы кезекшілік атқарды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында жалын сағат 22:45-те оқшауланып, шатыр конструкцияларын бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Ал сағат 23:50-де өрт толықтай жойылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше жағдайдан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі уақытта мамандар материалдық шығын көлемі мен өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу