Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанай облысында өрт бір үйдің бес баласының өмірін жалмады

Оқиға
Қостанай облысында өрт бір үйдің бес баласының өмірін жалмады

11 қазан күні таңғы сағат 04:29-да Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, бес бала қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өрттен үйдің шатыры опырылып түскен. ТЖД мәліметінше, өрт сағат 06:08-де оқшауланып, толығымен сөндірілді.    

Шатыр опырылған кезде үйде ересектердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылдары туған кәмелетке толмаған балалар болған.

Өкінішке қарай, үйінділерді тазарту барысында бес баланың денесі табылды. Балалардың үлкені 2011 жылы туған бала ғана аман, зардап шекпеген. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін танысына кеткен, ал оның күйеуі түрмеде отыр, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Фото: © AP Photo / Noah Berger

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу