Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанайда үш ер адам генератор газына уланып қалды

Қоғам
Қостанайда үш ер адам генератор газына уланып қалды

Қостанайда үш ер адам гараждың жертөлесінде генератордан шыққан газға уланып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға кезінде 2002 және 2003 жылы туған екі ер адам шамамен екі метр тереңдіктегі жертөлеге түсіп, өздерін нашар сезініп, есінен танып қалған. 2001 жылы туған үшінші азамат дереу жоғары көтеріліп, 112 желісіне хабар берген.

Құтқарушылар арнайы тыныс алу аппараттарымен жертөлеге түсіп, уланған ер адамдарды сыртқа шығарып, дәрігерлерге тапсырды. Медициналық қызмет оқиға орнында алғашқы көмек көрсетіп, оларды ауруханаға жеткізді.

Алдын ала деректер бойынша, улануға жұмыс істеп тұрған генератордан шыққан газ себеп болған.
Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу