Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанайлық құтқарушылар қарға батқан екі көлікті сүйреп шығарды

Оқиға
Қостанайлық құтқарушылар қарға батқан екі көлікті сүйреп шығарды

ТЖМ құтқарушылары жолаушыларымен бірге жолда қалып қойған көліктерге көмекке келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сарыкөл ауданы Новое ауылынан 35 шақырым жерде ауа райының нашарлауы салдарынан екі жеңіл көлік қар құрсауында қалған. Жүргізушілер автокөлікпен кептеліп өз бетінше шыға алмаған.

Қостанайлық құтқарушылар дереу шақыру орнына келген. Олар өтімділігі жоғары техниканы пайдалана отырып, екі автокөлікті жолдың қауіпсіз бөлігіне сүйреп апарды. Авариялық-құтқару операциясы нәтижесінде 3 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Медициналық көмек қажет болмаған.

Фото: скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу