freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Құлсарыда оқушы қатарластарына балта ала жүгірді: жарақат алғандар бар

Құқық
Құлсарыда оқушы қатарластарына балта ала жүгірді: жарақат алғандар бар
видеодан скриншот

Атырау облысы Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы қатарластарына балтамен шабуыл жасады, деп хабарлайды Malim.kz Politico.kz сайтына сілтеме жасап. 
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 5 ақпанда болған.

«102» арнасына Құлсары қаласында 10-сынып оқушысының қатарластарымен болған жанжалдан кейін оларға шабуыл жасап, мектеп аумағынан бой тасалағаны туралы хабарлама келіп түсті», - делінген полиция хабарламасында.

Оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған.

Хабарлама түскен бойда оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, жасөспірім анықталып, ұсталды. Оқиғаға қатысушылар мен олардың ата-аналары полиция бөліміне жеткізілді.

Бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалды. 15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, Ішкі істер органдарының есебіне алынды.

Жинақталған материалдар шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды.

Сондай-ақ жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

Қылмысқа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы білім беру бөліміне ұсыныс енгізілді. Тергеу қорытындысы бойынша білім беру ұйымының лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ оқу орнын күзететін күзет агенттігі қызметкерлерінің әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады, дейді Атырау полициясы.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2009–2010 жылдары туған екі жасөспірім медициналық тексеруден өтті. 

Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, травматолог-дәрігердің қарауынан өткізілді. Тексеру барысында жұмсақ тіндердің соғылуы, сызаттар мен теріасты гематомалары анықталды.

Науқастарға қажетті медициналық ем-дом жасалып, рентгенологиялық зерттеу жүргізілді. Дәрігерлер тарапынан тиісті ұсынымдар беріліп, амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу