АҚШ әкімшілігі Орталық Азия республикаларымен сауда-саттықта шектеу болып келген Джексон-Вэник деп аталып кеткен 1974 жылғы түзетуді жоюды қолдайды. Мұны АҚШ мемлекеттік хатшысы — Америка президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Марко Рубио растады. Бұл туралы 24.kg басылымы жазыпты.
«Біз келісеміз», —
деді ол АҚШ Конгресі Сенатының Халықаралық істер жөніндегі комитетінде өткен тыңдауда. Бұл сөзді ол Джексон-Вэник түзетуін жою мүмкіндігі мен Вашингтонның Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы туралы сұраққа жауап беріп тұрғанда айтты.
«Әрине, біз мұны байқап көргіміз келеді. Себебі бұл бізге Орталық Азия республикаларымен өзара іс-қимылды кеңейту үшін қазіргіден де көп мүмкіндік береді», —
деді Марко Рубио.
Джексон-Вэник түзетуі АҚШ-та 1974 жылы қабылданған болатын. Ол КСРО-ның еврейлерді қудалауына жауап ретінде енгізілген түзетулер еді. Марко Рубио бұған дейін бұл құжатты «өткен дәуірдің сарқыншағы» деп атаған.
Мемлекеттік хатшыға осы тақырыпта сұрақ қойған заң шығарушы, өзі және Сенаттағы әріптестерінің бірі Орталық Азия елдеріне қатысты Джексон-Вэник түзетуін жою туралы заң жобасын дайындап қойғанын нақтылады.