Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қырғызстанда әнұран өзгеруі мүмкін

Әлем
Қырғызстанда әнұран өзгеруі мүмкін

Қырғызстанда Мемлекеттік әнұранды өзгерту мәселесін Парламент спикері Нурланбек Шакиев көтерді, деп хабарлайды Malim.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Шакиевтің айтуынша, қазіргі әнұран Қырғызстан Кеңес Одағынан енді шыққан кезде қабылданған, ал қазір ел дамудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр.

Сондықтан біз әнұранды өзгертуміз керек. Ол бүкіл халық бірдей орындайтындай болуға тиіс, — деді Нурланбек Шакиев.

Қырғызстан Президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов бұл бастамаға қатысты пікір білдіріп, бұл шешімді халықтың өзі қабылдауы керек екенін айтты.

Әнұранды өзгерту ұсынысы көтерілсе, мәтін мен музыкаға ашық конкурс жариялануы қажет. Бұл конкурсқа ақындар, жазушылар, композиторлар, философтар және өз дарынына сенетін кез келген азамат қатыса алады,  – деп жазды Алагозов.

Айта кету керек, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік әнұраны 1992 жылы 18 желтоқсанда бекітілген. 

Фото: facebook.com/KyrgyzPresident/

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу