Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қырғызстанның экс-президенті 11,2 жылға сотталды

Саясат
Қырғызстанның экс-президенті 11,2 жылға сотталды

Бішкектегі сот Қырғызстанның бұрынғы перзиденті Алмазбек Атамбаев 11 жыл екі айға соттап, дүние-мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды.

Атамбаев сотта соңғы сөзін айтудан бас тартты.

Атамбаевқа сот үкімі "қылмыстық топ жетекшісі Азиз Батукаевты заңсыз босату ісі" бойынша шықты.

Прокурорлар Атамбаевты 15 жылға соттауды сұраған еді. Сот отырысы жабық режимде өтті.

Сондай-ақ  сот үкімі бойынша, Атамбаев "Данакер", екінші дәрежелі "Манас", "Данқ", президентке берілетін сағаттан айырылмақ. Атамбаев иелігіндегі Шу мен Ыстықкөл облысындағы үйлер мен жер учаскелерінен бөлек "Медиа Форум", "Форум", "Автомаш-Энерго", "Апрель ТВ" компаниялары да тәркіленбек.

Фото: Fergana.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу