freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қытайда байдарка мен ескек есуден жаңа форматтағы Азия біріншілігі басталды

Спорт
Қытайда байдарка мен ескек есуден жаңа форматтағы Азия біріншілігі басталды
Спортты дамыту дирекциясы

Қытайда жаңа форматқа ауысқан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін Қытайдың Хэфэй қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Еліміздің спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше,  биылдан бастап спорттың бұл түрінен құрлық чемпионаттары жаңа жүйеге ауысқан.

Яғни Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік ұпай сарапқа салынатын форматқа көшіп отыр. Осы жарыста Ұлттық құраманың 23 спортшы жүлдемен қатар, маңызды ұпайларға таласады.

Хэфэйдегі жарысқа барлығы 22 мемлекеттен 400-ге жуық ескек есу шебері келді. Айта кетейік, алдағы күндері байдарка мен каноэден 26 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу