freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қытайлық жұп ерекше көрсеткішпен Гиннестің рекордтар кітабына енді

Спорт
Қытайлық жұп ерекше көрсеткішпен Гиннестің рекордтар кітабына енді
guinnessworldrecords.com

Қытайлық Чжао Сиюэ мен Инь Хань жұптық секіртпемен секіру бойынша ерекше жетістікке қол жеткізіп, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Malim.kz.

Олар небәрі 30 секунд ішінде бір секіртпемен 121 рет секіріп, осы санаттағы жаңа әлемдік рекордты тіркеді.

Бұл нәтижеге қол жеткізген алғашқы жұп ретінде Чжао Сиюэ мен Инь Хань тарихта қалды. Олардың жетістігін Гиннестің рекордтар кітабы ресми түрде растады және спортшыларға арнайы сертификат тапсырылды.

Бұл көрсеткіш Қытай спортшыларының секіртпемен секіру бағытындағы жоғары деңгейін тағы бір рет көрсетті. Себебі осы санаттағы көптеген әлемдік рекорд қытайлық атлеттерге тиесілі.

Бұған дейін Қытай өкілі Али Муса бір минут ішінде қосарланған секіртпемен 188 рет секіріп, әлемдік рекорд орнатқан еді. Осылайша ол алдыңғы көрсеткішті 4 секіруге жақсартқан.

Ал 11 жастағы қытайлық спортшы Ву Конган бірден екі рекордтың авторы атанды. Ол 30 секундта 71 рет, бір минутта 133 рет секіріп, үздік нәтиже көрсеткен.

Сондай-ақ 10 жастағы Ву Чен Джун 30 секунд ішінде 171 рет секіріп, тағы бір рекордты өз еншісіне жазған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу