freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылордада медбикені ұрған әйел сотталды

Оқиға
Қызылордада медбикені ұрған әйел сотталды
Фото: pixabay

Қызылорда қаласының №2 соты жергілікті тұрғын әйелге қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Malim.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы дәрігердің қабылдауына кезексіз кірген. Оған ескерту жасалған соң, әйел мен медицина қызметкері арасында жанжал болған.

Жанжал барысында әйел медбикенің жағасынан ұстап, қол жұмсап, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Оқиға амбулатория қызметкерлері мен куәгерлердің наразылығын туғызды.

Сот шешімімен айыпталушы ҚР ҚК-нің 108-1-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

Оған 1 жыл мерзімге бостандықты шектеу жазасы тағайындалды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу