freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Спорт
Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: gov.kz

Алматыда өткен регби-15-тен Asia Rugby Emirates Women’s Championship турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Екінші орын тағдыры шешілген кездесуде жерлестеріміз Гонконг құрамасымен шеберлік байқасты.

Аса тартысты өткен матчта екі команда да жеңіс үшін бар күшін салды. Кездесу 26:26 есебімен тең аяқталғанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.

Ал алтын жүлдені Жапония құрамасы мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Күншығыс елінің өкілдері Қазақстан командасын 64:12 есебімен, ал Гонконг құрамасын 72:12 есебімен жеңген болатын.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы өз жерімізде өткен Азия чемпионатында жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, құрлықтағы үздік командалардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жетістік еліміздегі әйелдер регбиінің қарқынды дамып келе жатқанын аңғартады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу