freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей Ираннан айнып кетпей ме? Лавров Ресейдің Америкаға санкция салмайтынын мәлімдеді

Әлем
Ресей Ираннан айнып кетпей ме? Лавров Ресейдің Америкаға санкция салмайтынын мәлімдеді
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров © Софья Сандурская | ТАСС

Ресей Иранға шабуыл жасағаны үшін Америкаға санкция салмаймыз дейді. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.


«Жай ғана, бұл біздің әдіс емес. Біз ешқашан мұндай әрекетке бармаймыз. Бұл жолды таңдайтын әдетте Батыс, сосын Американың өзі», — 

деді ол.

Сонымен бірге, Вашингтонға ешкім де өз тарапынан санкция салмайтыны туралы айтып өтті. 

Лавров бұдан бұрын Иранның мемлекеттік телерадиокомпаниясына берген сұхбатында ол елге қауіп төнген жағдайда Ресейдің аянып қалмайтыны туралы бірнеше рет айтқан болатын. Иран журналисі "Ресей Иранды қолдамайтын жағдай болуы мүмкін бе?" деген мазмұнда бірнеше рет нақты сұрағанда, Лавров Ресей сатқындық жасаған ең болмаса бір мысал келтірші деген. Сонымен бірге, Иран соғысқа кірген жағдайда Ресей әрқашан қолдайтынын қадап айтқан.


DW - Неміс толқыны колумнисі Иван Преображенский Тегеран ешқашан Мәскеудің одақтасы болған емес дейді. Оның айтуынша, Иранмен достық Ресей үшін әзірге тиімді болып тұр. Мысалы, Иранның Ресейден басқа қару сатып алатын жері жоқ. Ресей әуе қорғаныс құралдары нашарлығын нешеме рет көрсетсе де, Иранның тағы сатып алмасқа амалы жоқ. Бұған қоса, сарапшы экзистенциал себеп барын да алға тартады. Мысалы, Путин өзін Хаменеидің орнына қойып әрекет етеді дейді ол.
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу