Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей үшін соғысқан КХДР сарбаздары Оңтүстік Кореядан көмек сұрады

Әлем
Ресей үшін соғысқан КХДР сарбаздары Оңтүстік Кореядан көмек сұрады
Фото: Anadolu/picture alliance

Киевте ұсталған Солтүстік Кореяның екі әскери тұтқыны өздерін Оңтүстік Кореяға беруді өтінді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Олар бұл өтінішін 28 қазанда түсірілген деректі фильмге сұхбат беру кезінде білдірген. Түсірілімді оңтүстіккореялық Gyeore-eol Nation United құқық қорғау ұйымы үйлестірген.

Екі әскери Украинада Ресей армиясының жағында соғысқаннан кейін тұтқынға алынған.

Оңтүстік Корея мен Батыс арнайы қызметтерінің дерегінше, 2024 жылы шамамен 10 мың солтүстіккореялық сарбаз Ресейге қолдау көрсету үшін Украинаға жіберілген.

AFP еске салғандай, тұтқындардың бірі бұған дейін де Оңтүстік Кореяға қоныстануға рұқсат сұраған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу