Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейде шенеуніктердің жыл сайынғы декларация тапсыруы тоқтатылды

Әлем
Ресейде шенеуніктердің жыл сайынғы декларация тапсыруы тоқтатылды
Фото: Sergei Karpukhin/Tass/dpa/picture alliance

Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік қызметкерлер мен депутаттарды жыл сайын табыс пен мүлік туралы декларация тапсыру міндетінен босататын заңдар пакетіне қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Құжат 28 желтоқсанда ресми құқықтық ақпарат порталында жарияланды.

Жаңа ережеге сәйкес, енді декларация келесі жағдайларда ғана тапсырылады:

мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғанда;

жаңа лауазымға тағайындалғанда немесе қызметі ауысқанда;

кадр резервіне енгізілгенде;

отбасының соңғы үш жылдағы жиынтық табысынан қымбат мүлік сатып алынғанда.

Шенеуніктердің табысы мен мүлкін бақылау «Посейдон» онлайн-жүйесі арқылы жүзеге асады. Бұл жүйе салық, қаржы мониторингі, жылжымайтын мүлік, жол полициясы және өзге де мемлекеттік дерекқорлармен өзара байланысады.

Айта кетейік, Ресейде шенеуніктер 1995 жылдан бері жыл сайын декларация тапсырып келген. Ал 2023 жылдың ақпанынан бастап депутаттар мен сенаторлардың табысы туралы мәліметтер тек «жалпыланған түрде» ғана жарияланып жүр.

Заң 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу