freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ресейде туған": Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың сүйіктісінің кім екені баршаға мәлім болды (ФОТО)

Қоғам
"Ресейде туған": Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың сүйіктісінің кім екені баршаға мәлім болды (ФОТО)
Malim.kz коллажы

Әлеуметтік желіде мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жеке өмірі қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Әсіресе спортшының сүйіктісі туралы мәліметтер көпшіліктің қызығушылығын арттырды.

Михаил Шайдоровтың таңдауы – Айсұлу Мырзағалиева. Ол – көркем гимнастикадан Азия чемпионы, Қазақстан ұлттық құрамасының жетекші спортшыларының бірі.

Айсұлу спорт әлемінде бұрыннан белгілі. Табандылығы мен қажырлы еңбегінің арқасында халықаралық ареналарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Ол Ресейдің Сочи қаласында дүниеге келген. Тоғыз жасынан бастап көркем гимнастикамен айналысып, жасөспірім кезінен-ақ Ресейдегі түрлі турнирлерде жүлдегер атанған.

2015 жылы Айсұлу Алматыға келіп, қаланың ашық біріншілігінде топ жарды. Осы жарыста оның өнері қазақстандық бапкерлердің назарын аударып, Қазақстан атынан өнер көрсетуге ұсыныс алған. Ол келісімін беріп, сол жылы Астанаға көшіп келеді. Елордадағы "Жұлдыз" спорт мектебінде жаттығып, Әлем кубогы кезеңдерінде бір күміс және төрт қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар Азия чемпионатында алтын жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров Олимпиадада тарихи жеңіске жеткен сәтте Айсұлу Мырзағалиева оны алғашқылардың бірі болып құттықтап, әлеуметтік желіде:

"Менің Олимпиада чемпионым! Өзі бәрінен тәтті", – деп жазба қалдырған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу