"Ұсталған лаңкестермен жұмыс істеп, олардан тәркіленген техникалық құрылғыларды зерделеу нәтижесіне және қаржылық операциялар туралы ақпаратты талдаған соң, олардың украиналық ұлтшылдармен байланысы барына айғақ табылды", – делінген Ресей Тергеу комитетінің Telegram арнасындағы хабарламасында.
24-наурызда Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеудегі терактіге Украинаның қатысы жоқ екенін мәлімдеген. Ол Ресей президенті Владимир Путинді "Крокус Сити Холлға" жасалған шабуылға Украинаны кінәлауды көздеп отыр деп айыптады.
7-наурызда АҚШ елшілігінің сайтында экстремистердің Мәскеуде халық көп шоғырланған, соның ішінде концерттік кешендерге шабуыл жасауға дайындалып жатқаны туралы ескерту жариялаған.
Еске салайық, 22-наурызда Мәскеуде "Крокус Сити Холл" концерт ғимаратында теракт жасалып, салдарынан 143 адам қаза тапқан еді.