Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейдің Украинаға қарсы соғысы ұзақтығы жағынан Ұлы Отан соғысымен теңесті

Әлем
Ресейдің Украинаға қарсы соғысы ұзақтығы жағынан Ұлы Отан соғысымен теңесті
Фото: Efrem Lukatsky/AP Photo/dpa/picture alliance

Ресейдің Украинаға қарсы толық ауқымды басқыншылығы 1418 күнге жетті, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Дәл осынша күн Ұлы Отан соғысы (1941–1945) жалғасқан болатын. Украинаға қарсы соғыс 2022 жылғы 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путиннің бұйрығымен басталды.

Салыстыру үшін айта кетсек, Ұлы Отан соғысы 1941 жылғы 22 маусымда нацистік Германияның Кеңес Одағына шабуылынан басталып, 1945 жылғы 9 мамырда аяқталған. Оның да ұзақтығы — 1418 күн.

11 қаңтарға қараған түні Ресей әскері Украинаға жаппай шабуыл жасады: 154 соққы беретін дрон ұшырылып, олардың 125-і әуе қорғаныс күштерімен атып түсірілді немесе бейтараптандырылды. Барлығы 18 жерде 22 рет дәл тию тіркелді. Шабуылға Харьков қаласы да ұшырады. Қарқынды соққылар 11 қаңтар күні таңертең және күндіз де жалғасты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу