Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Рим Папасы антисемитизм мен Газадағы қақтығысты айыптады

Әлем
Рим Папасы антисемитизм мен Газадағы қақтығысты айыптады

Рим Папасы Франциск Пасха құттықтауында Urbi et Orbi әлемдегі антисемитизм мен Газадағы қанды қақтығыстардың жалғасуын айыптады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Ватикандағы Әулие Петр алаңында понтифик Палестина мен Израильдегі гуманитарлық дағдарысқа ерекше алаңдаушылық білдіріп, әлемнің басқа аймақтарындағы ұзаққа созылған қақтығыстарды да еске салды.

Рим Папасы Франциск өз дұғаларын Газадағы зардап шегушілерге арнағанын айтты. Ол атысты дереу тоқтату, кепілге алынғандарды босату және аштықтан зардап шегіп, тұрақтылыққа мұқтаж бейбіт тұрғындарға көмек көрсету қажетін мәлімдеді.

"Мен Палестина мен Израильдегі христиандарға, сондай-ақ соғыс қасіретін тартып жатқан адамдарға рухани жақынмын", — деп атап өтті понтифик.

Папа Франциск дүниежүзі бойынша антисемитизмнің күшеюін алаңдата отырып, бұл құбылысты қабылдауға болмайтынын айтты. Ол қоғам ксенофобияға, кемсітушілікке және ұлтқа немесе дінді жеккөрушілікке қарсы тұруы керегін айтты.

Понтифик қазіргі Пасха гуманитарлық шешімдер үшін, соның ішінде әскери тұтқындар мен саяси тұтқындарды босату үшін себеп болуға тиіс екенін айтты. Ол мемлекеттер басшыларын қиын жағдайдағы адамдарға көмек көрсету үшін ресурстарды қайта бөлуге шақырды.

Фото: Riccardo De Luca - Update / Shutterstock / FOTODOM

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу