Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ризабек Айтмұхан үш мәрте әлем чемпионы атанды

Спорт
Ризабек Айтмұхан үш мәрте әлем чемпионы атанды

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Албанияда өткен жастар арасындағы (U23) әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.


Албания астанасы Тиранада өткен турнирде Ризабек Айтмұхан 97 кг дейінгі салмақта сынға түсті.

Ризабек Айтмұхан финалда ирандық Махди Хажилуянмен кездесіп, 11:6 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша 20 жастағы қазақстандық балуан өз мансабында үшінші мәрте әлем чемпионы атанды.

Бұған дейін жерлесіміз қыркүйекте Испанияда өткен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанған болатын.

Сондай-ақ ол 2023 жылы Сербияның Белград қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлде иеленген.

Айта кетейік, Албанияда өткен күрестен әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан Қазақстан қоржынына жалғыз жүлдені салды.

Фото: Sports.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу