Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Роман Құрбанов пен Денис Зинов Универсиадада тағы екі медаль жеңіп алды

Спорт
Роман Құрбанов пен Денис Зинов Универсиадада тағы екі медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Роман Құрбанов Универсиадада парашаңғы спортынан қола медальға ие болса, Денис Зинов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Екі спортшы да 1400 метр қашықтықта сынға түсті.

«Спортшыларымызды Қазақстан еншісіне қосқан жарыстағы екінші медалімен шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілеймін!» - деп жазды ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Осымен әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль бар.

Айта кетейік, екі спортшы осыған дейін күміс және қола медаль жеңіп алған еді.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу