АҚШ билігі ресейлік "Росатом" Венгрияда салып жатқан "Пакш" АЭС-інен санцияны алып тасталғанын растады. Бұл туралы DW - Неміс толқыны хабарлайды.
Санкцияның алып тасталғаны туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы (бізше - сыртқы істер министрі) Марко Рубио Канададағы "үлкен жетілік" - G7 елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін мәлімдеген.
"Ол АЭС қазір салынып жатыр. Венгрлер оны аяғына дейін салып бітіруі керек. Жобаны жасаған және жүзеге асырып жатқан ресейлік компания болғанымен, біз оның салынып біткенін қалаймыз"
- депті ол.
Венгрияда Ресей сала бастаған "Пакш" АЭС-і санкцияға 2024 жылы, презиент Байденнің тұсында іліккен еді. Биылғы маусымда Венгрия тарапы АҚШ Президенті Дональд Трамптың әкімшілігі санкцияның күшін жойғаны туралы хабар таратты.