freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Рыбакина Берлиндегі WTA 500 турнирінің ширек финалына өтті

Спорт •
Рыбакина Берлиндегі WTA 500 турнирінің ширек финалына өтті

Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан Ecotrans Ladies Open турнирінің екінші айналымында WTA рейтингінде 35-орында тұрған ресейлік Вероника Кудерметованы 6:4, 7:5 есебімен ұтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Матч 1 сағат 36 минутқа созылды.

Қазақстандық жекелей кездесудегі есепті еселей түсті - 5:0.

Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін Беларусь теннисшісі Виктория Азаренкомен кездеседі.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев 17 маусымда теннистен Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакинаның туған күніне орай құттықтау хат жолдаған болатын. 

Фото: eurosport.fr

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу