freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысын жеңіп, Азия чемпионы атанды

Спорт
Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысын жеңіп, Азия чемпионы атанды
ҰОК

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан ерлер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ел құрамасынан үшінші болып шаршы алаңға шыққан Сабыржан Аққалықов (75 кг) финалда өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен жұдырықтасып, айқын басымдықпен жеңіске жетті – 5:0.

Өкінішке қарай, әлем чемпионы Төрехан Сабырхан (70 кг) ересектер арасындағы алғашқы Азия чемпионатының финалында иорданиялық Зеяд Ишаишқа жол берді. Бұған дейін 60 кг салмақта Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанған еді.

Енді ұлттық құраманың тағы екі өкілі  – Нұрбек Оралбай (85 кг) және Айбек Оралбай (90 кг) шаршы алаңға шығады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу