freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сәкен Бибосыновтың WBA титулы үшін жекпе-жегінің жаңа күні белгілі болды

Спорт
Сәкен Бибосыновтың WBA титулы үшін жекпе-жегінің жаңа күні белгілі болды
Фото: instagram/sakenbibosinov

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың титулдық жекпе-жегіне жаңа мерзімі бекітілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның қарсыласы – жеңіліс көрмеген Индонезия өкілі Сурия Дхарма.

Жекпе-жек 23 мамыр күні Бішкек қаласында, «Газпром» спорт кешенінде өтеді. Кездесу барысында бос тұрған WBA Asia титулы сарапқа салынады.

Бұған дейін жоспарланған жекпе-жек 17 сәуірде өтуі тиіс болған, алайда кейінге шегерілген еді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шешім Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қабылданған.

Айта кетейік, Бибосыновтың кәсіби бокстағы дебюті 2025 жылдың 20 шілдесінде Бішкекте өтіп, ол филиппиндік Кристиан Леганені бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу