Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Шәмші Қалдаяқовтың сығандармен тұрғаны өтірік". Сазгердің балалары елдегі бірнеше театрмен соттаспақ

Құқық
"Шәмші Қалдаяқовтың сығандармен тұрғаны өтірік". Сазгердің балалары елдегі бірнеше театрмен соттаспақ

Шәмші Қалдаяқовтың балалары сазгердің "Сыған серенадасы" әніне арналған қойылымның театр сахналарында қойылуына қарсы. Өйткені ол жерде көрсетілетін кейбір жайттар шындыққа жанаспайды екен. Бұл туралы композитордың келіні Ботакөз Қалдаяқова мәлімдеді.


«1991 жылы «Сыған серенадасы» деген пьеса шықты. Авторын білеміз, бірақ оны айтудың керегі жоқ. Композитордың әйелі Жәмилә апай телевидение, газет, радио арқылы айтты, «Сыған серенадасының» шындыққа еш қатысы жоқ. Пьесада Шәмшіні сығандар тепкілеп, қамшымен ұрады. Ұят енді. Көбісі «Сыған серенадасы» әніне қарап оқиға өмірде болды деп ойлайды. Пьеса авторымен хабарласқанымызда «бұл менің фантазиям» деп жауап берді. Жақында халықаралық авторық құқық қорғау қоғамының өкілдерімен сөйлесіп, тиісті мекемелерді заң алдында жауапқа тарту туралы талқыладық. Театр басшылығы кешірім сұрап, репертуарынан алып тастағаны дұрыс», - дейді Ботакөз Қалдаяқова.

Фото: Видеодан скрин 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу