Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

Экономика
"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 миллиард теңгеге тиімсіз шығын анықталды, - деп хабарлайды Malim.kz сайты Жоғары аудиторлық палатаға сілтеме жасап.

Жоғары аудиторлық палата мәліметінше, кейінгі 10 жылда "Самұрық-Энерго" АҚ тобы небәрі 4 жаңа жобаны іске асырған.    

"Бұл 2024 жылы бекітілген даму стратегиясы бойынша алдағы 10 жылға жоспарланған 25 жобаның іске асырылуына күмән тудырады. Тоқтатылған жобаларға байланысты "Самұрық-Энерго" АҚ-ның тиімсіз шығыны 199 млрд теңге болды", - делінген хабарламада. 

Ең ірілері: Балқаш ЖЭО құрылысы – 102 млрд теңге, Екібастұз ГРЭС-2-нің №3 энергоблогы – 61,2 млрд теңге.

Аудит нәтижесі бойынша анықталған қаржылық заңбұзушылық көлемі 66 млн теңге болған.

Одан бөлек, бюджет қаражаты, 9,5 млрд теңге тиімсіз жоспарланған,

104,7 млрд теңге мен активтер тиімсіз пайдаланылған.

Барлығы 72 рәсімдік және 35 жүйелі заңбұзушылық тіркелген.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу