Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сақтағанов пен Әлназарова Риддердегі жаңа аурухана кешенін аралап көрді

Денсаулық
Сақтағанов пен Әлназарова Риддердегі жаңа аурухана кешенін аралап көрді
ФОТОЛАР: © ШҚО әкімдігі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында жаңа көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы толық аяқталды. Бүгін нысанды облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова аралап көрді.

Жаңа медициналық кешен 200 төсек-орынға арналған стационардан және бір ауысымда 500 адам қабылдайтын емханадан тұрады. Жобаның жалпы құны – 34,8 млрд теңге. Бас мердігер – «Элхон» ЖШС. Нысан пайдалануға қабылданған.

Жаңа медициналық кешен 200 төсек-орынға арналған стационардан және бір ауысымда 500 адам қабылдайтын емханадан тұрады.

Аймақ басшысының айтуынша, Риддердегі бұрынғы аурухана корпустары, соның ішінде педиатриялық бөлімше 80 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Ал жаңа кешен заманауи талаптарға сай көпсалалы медициналық мекеме ретінде қызмет көрсетпек. Мұнда Риддер тұрғындарымен қатар жақын маңдағы елді мекендер халқы да сапалы медициналық көмек ала алады.

Аурухана құрылысы Қазақстан Республикасының «Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңы аясында мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылғаны атап өтілді.

Аурухана құрылысы Қазақстан Республикасының «Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңы аясында мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылғаны атап өтілді.

Жалпы ауданы 40 мың шаршы метрден асатын үш қабатты ғимарат қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған.

Жалпы ауданы 40 мың шаршы метрден асатын үш қабатты ғимарат қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Кешен құрылымында тәулік бойы жұмыс істейтін стационар, күндізгі бөлім, паллиативтік көмек, консультативтік-диагностикалық қызмет және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету бөлімдері қарастырылған.

Қазір құжаттарды рәсімдеу жұмыстары аяқталуға жақын. Рәсімдер толық біткен соң көпсалалы аурухана кешені тұрғындарды қабылдауды бастайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу