Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шарлапаев утильалым мөлшерін төмендетуге қарсы екенін айтты

Қоғам
Шарлапаев утильалым мөлшерін төмендетуге қарсы екенін айтты

Мәжіліс отырысында депутат Нартай Аралбайұлының айтуынша, Ішкі істер министрлігі, Қаржы министрлігі, Ауыл шаруашылығы, Экология, Ұлттық экономика министрліктері өкілдерінің барлығы утиль алым төлемдерінің азаюына қарсы емес, тек Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілі, комитет төрағасы ғана бұл төлемдердің қажет және осы күйінде сақталуы керек деп отырған көрінеді.

Министр бұл мәселеге өз уәжін айтты.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі ретінде менің жұмысым – кәсіпорындарды дамыту, олардың қуаттылығын арттыру. Қазіргі таңда Қазақстанда екі автокөлік зауытын салып жатырмыз. Автокөлік өндіру саласында қаншама адам жұмыс істейді. Оны ешкім санап жатқан жоқ. Мысалы, 2025 жылы Кia зауытынын жұмысын аяқтаймыз. Сонымен қатар Алматы қаласының жанында 90 мың көлік өндіретін зауыт салып жатырмыз. Олардың жұмыс орындарын кім сақтайды? Мен депутаттарға осындай сұрақ қойдым. Түркияда немесе басқа елдерде бізден утильалымның бағасы жоғары немесе тең. Қазақстан азаматтарының жұмыс орындары мен кәсіпорындары сақталуы үшін, меніңше, бізге аз да болса протекционизм жасау керек, - деп түсіндірді министр.

 

Фото: Парламент Сенаты

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу