Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды

Әлем
Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды

Ресей делегациясының мүшесі, Федерация Кеңесі халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Григорий Карасин ресейлік-америкалық келіссөз аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы DW-ге сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.

Dpa агенттігінің хабарлауынша, Сауд Арабиясының астанасындағы америкалық және ресейлік делегациялардың кездесуі жабық есік жағдайында өтіп, 10 сағаттан астам уақытқа созылған. Тараптардың қандай да бір келісімдерге қол қойғаны туралы айтылмады.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 25 наурызда телеарнаға берген сұхбатында Эр-Риядтағы келіссөздердің аспектілері туралы айтады, деп хабарлады Мария Захарова.

Бұған дейін жазғанымыздай, Америка үкіметінің отырысында Трамп Сауд Арабиясында өтіп жатқан келіссөз барысы туралы айтты. Онда АҚШ делегациясы Украина және Ресей өкілдерімен бөлек кездесіп жатыр.

Фото: ТАСС/Андрей Рыженко 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу