Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Саусағындағы жараны көрсетуге келген ер адам бір аяғынан айрылып қалды

Әлем
Саусағындағы жараны көрсетуге келген ер адам бір аяғынан айрылып қалды
PeopleImages.com – Yuri A/Shutterstock/Fotodom

Ұлыбританияның Кроули қаласының 43 жастағы тұрғыны Майк Джонс дәрігерге аяқ саусағындағы жарасын көрсетуге келген. Алғашында ұсақ-түйек болып көрінген бұл жарақат арада небәрі 24 сағат өткенде ауыр жағдайға ұласып, ер адамның аяғының тізесінен төмен бөлігін кесуге тура келді, деп хабарлайды Malim.kz.

The Mirror басылымының жазуынша, аяқты ампутациялауға себеп – сүйекке дейін тараған ауыр инфекция. Майк Джонс белсенді өмір салтын ұстанған: қауіпсіздік жөніндегі кеңесші болып жұмыс істеп, ел ішінде жиі сапарлаған. Алайда қант диабетіне байланысты аяқтарының сезімі төмен болған. Ұзақ серуен кезінде тар аяқ киімнен пайда болған жараны ол дер кезінде байқамай қалған. Инфекция сол жарадан өршіп кеткен.

Уақыт өте келе аяғы қатты ісініп, бірнеше саусағы қарайып кеткен. Жағдайдың ушығып бара жатқанын түсінген ол Кроули қаласындағы ауруханаға жүгінген. Дәрігерлер бірден инфекция барын анықтап, Майкты арнайы клиникаға жіберген. Рентген қорытындысы ең ауыр болжамды растады: бактериялар сүйекке жеткен, ампутациядан басқа жол қалмаған.

Ота 11 желтоқсанда жасалды. Майк Джонс бұл шешім оған үлкен соққы болғанын айтқанымен, рухын түсірмей, өмірін жаңа жағдайға бейімдеуге бел буғанын жеткізді.

Қиындыққа қарамастан, Майк өткенге байланып қалмауға тырысады. Ол бұл жағдайды дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңызын ұқтырған ауыр сабақ ретінде қабылдайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу