Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шавкат Рахмоновтың әйелі куәгер ретінде сұралды

Қоғам
Шавкат Рахмоновтың әйелі куәгер ретінде сұралды

UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жол апатына ұшыраған жұбайына қатысты тың мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Оқиғаға қатысты Жамбыл облысының Полиция департаменті агенттік тілшісіне ресми пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу әрекеттері аясында оқиғаның шынайы жай-күйін анықтауға бағытталған барлық қажетті процестік шара жүріп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды.

«Қазіргі уақытта аталған азаматша қорғау құқығы бар куәгер ретінде сұралды. Ол Алматы қаласындағы ауруханада жатыр. Тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша оған қатысты қолданыстағы заңнама аясында процестік шешім қабылданады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», – делінген облыстық ПД мәліметінде.

Айта кетейік, осыған дейін Шавкат Рахмоновтың әйелі жантүршігерлік апатқа ұшырағаны хабарланған болатын.

Фото: Instagram/shavkatrakhmonov94

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу