freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шавкат Рахмоновтың бесінші баласы дүниеге келді

Спорт
Шавкат Рахмоновтың бесінші баласы дүниеге келді
әлеуметтік желі

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жұбайы Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол Instagram парақшасындағы сторис бөлімінде жаңа туған нәрестенің фотосын жариялаған. Алайда Гүлайым Рахмонова баланың жынысы, есімі және өзге де мәліметтер туралы әзірге ақпарат бермеді.

Бұған дейін Гүлайым Рахмонова ажырасу процесі әлі жалғасып жатқанын айтқан еді. Оның сөзінше, негізгі келіспеушіліктер мүлікті бөлу және балалардың болашағын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болған.

Сондай-ақ ол 2025 жылы Шавкат Рахмонов өзіне неке келісімшартына қол қоюды ұсынғанын мәлімдеген. Құжат талаптарына сәйкес, ажырасқан жағдайда әр тарап өз атына рәсімделген мүлікпен қалуы тиіс болған.

Еске салсақ, наурыз айында Гүлайым Рахмонова Instagram желісінде эмоционалды жазба жариялап, отбасындағы өзгерістерді меңзеген еді. Ал мамыр айының басында ол бұрынғы жұбайының туыстарына қатысты полицияға арыз түсіргенін хабарлаған.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу