Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Саясаттан кеткен Даниал Ахметов Парижде спортшыларға қолдау көрсетіп жүр

Спорт
Саясаттан кеткен Даниал Ахметов Парижде спортшыларға қолдау көрсетіп жүр

Экс-шенеунік Даниал Ахметов Парижде жеңіл атлеттерге қолдау көрсетіп жүр. Бұл туралы Жеңіл атлетика федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz

Даниал Ахметов 2023 жылдың маусым айында Шығыс Қазақстан әкімі лауазымынан босатылған еді. 

"Федерация президенті Даниал Кенжетайұлы спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсету мақсатында жеңіл атлетика командасымен кездесу өткізді. Президент команданың әрбір мүшесінің маңыздылығын атап өтіп, Федерация алдағы уақытта да дайындық пен өнер көрсету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін атап өтті", - делінген жазбада. 

Айта кетейік, Даниал Ахметов 2018 жылы Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу