Полиция Қазақстаннан мыңға жуық малды заңсыз әкету әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Malim.kz.
Түркістан облысындағы шекарада жалған құжаттармен тасымалданған жануарлар тиелген бірнеше жүк көлігі ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қолданыстағы шектеулерге қарамастан, жекелеген тұлғалар жалған құжаттарды пайдаланып, заңсыз мал әкетуді ұйымдастыруға тырысқан. 24 сәуірде Түркістан облысында жедел ақпаратты іске асыру барысында осындай әрекет тоқтатылды. Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде өткізу бекеттерінің бірінде шамамен 1000 бас ұсақ мал тиелген бірнеше жүк көлігі ұсталды», – деді ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Оның айтуынша, бұл шара ішкі нарықта тапшылықтың алдын алып, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге мүмкіндік берген.